Мемлекет басшысының Жарлығымен Жасұлан Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорда жазды
Жасұлан Мәдиев 2024 жылғы мамыр айынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарған.
Оған дейін ол ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының қаржы жөніндегі вице-президенті, сондай-ақ «Қазақстан даму банкі» басқарма төрағасының орынбасары секілді жауапты қызметтер атқарған.
Новости по теме
Учитель русского языка и литературы Назарбаев Интеллектуальной школы города Талдыкорган Ирина Лих стала Лауреатом Международного конкурса в Москве
