Песков “ортақ тарих” туралы айтып, Қазақстанның да атынан сөйлеуге тырысты

1492
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/pesk700.jpg

Алматыда өткен Қазақстан-Ресей медиафорумында Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков екі ел арасындағы тарихи және болашаққа бағытталған ынтымақтастық туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстан – екі тәуелсіз мемлекет болғанымен, ортақ тарихи мұра мен бірлескен даму әлеуетіне ие.

"Ресей мен Қазақстан екі бөлек ел, бірақ өткен жолы ортақ. Егер біз көп жұмыс жасасақ, екі елдің болашағы жарқын боларына күмәнім жоқ", – деді Песков.

Сондай-ақ ол бірлескен істерді дұрыс ұйымдастыру және барлық салада өзара тиімді ынтымақтастық орнату екі жаққа да пайдалы екенін атап өтті.

"Бұл бізге ортақ тарихымызды сақтай отырып, өзара тиімділікпен бірге алға жылжуға және екі ел халықтары үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді. Өйткені екі ел де дәл осы үшін жұмыс істейді", – деді Кремль өкілі.

Комментарии