Қазақстандық жас шахматшылар әлем чемпионатында 3 алтын иеленді

1680
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UHFpc6piFyoAodWu8tPxZLyrA31ls3MKKQRS1dqS.jpg

Алматыда 8, 10 және 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионаты – FIDE World Cadet Chess Championships 2025 мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық жас шахматшылар 3 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атап айтсақ, Алиша Бисалиева (G8, 8 жас), Әдинұр Әділбек (O8, 8 жас) және Данис Қуандықұлы (O12, 12 жас) топ жарды.

«Қазақстан құрамасы командалық есепте де үздік болды. Алиша мен Әдинұр соңғы турда тең нәтижемен алтын иеленді. Ал Данис (ӘЧ-2023 чемпионы) тарихи жетістігін қайталап, екі дүркін Әлем чемпионы атанды», - делінген Туризм жəне спорт министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, чемпионатқа 88 елден 842 жас шахматшы, оның ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 229 ойыншы қатысты. Қазақстан құрамасы командалық есепте үздік болды. Екінші орынға ұпай саны бойынша Қытай (1 алтын, 1 күміс, 1 қола), ал үшінші орынға АҚШ құрамасы (1 алтын, 1 күміс, 1 қола) жайғасты.

Комментарии