АҚШ-тағы әскери зауытта қуатты жарылыс болды

790
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9RagRKxIsGjKcgUqcjNbHzdT1ysoWhqf01Hf7sjC.webp

АҚШ-тың Теннесси штатында орналасқан Accurate Energetic Systems әскери зауытында ірі жарылыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, бірнеше адам қаза тапқан, нақты саны әзірге анықталмаған.

Хамфрис округінің төтенше жағдайлар басқармасы кемінде 19 адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Округ шерифі жарылыстардың бірнеше рет болғанын айтты: алғашқы қуатты жарылыстан кейін бірнеше әлсіз жарылыс тіркелген. Құтқарушылар әзірге зауыт аумағына кіре алмай отыр, себебі жарылыстар әлі де жалғасып жатыр.

Оқиғаның себебі анықталу үстінде. Accurate Energetic Systems компаниясы қорғаныс, әуеғарыш және коммерциялық салаларға арналған жарылғыш заттарды әзірлеумен және сақтаумен айналысады.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда зауыт аумағында шашылған қираған бөлшектер мен зақымданған көліктер көрінеді. Лобелвилл қаласының тұрғындары жарылыстың дүмпуінен үйлердің тербелгенін айтқан.

Комментарии