Түркістан әкімі жаңа кешендердің құрылыс барысын аралады

821
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8QC6lki48dvVRQJ38IKipUhd2mcqCrgGXs9BjTkd.jpg
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында бой көтеріп жатқан жаңа ипподром мен қолөнершілер орталығының коммуналдық-инфрақұрылым бағытындағы құрылыс барысын тексерді.
Алдымен шаһар басшысы ипподром маңындағы жол құрылысының барысымен танысты. Жалпы аумағы 99 гектарды құрайтын ипподром кешенінде ұзындығы шамамен 4 шақырым болатын бәйге жолы, 1500 орындық ашық трибуна, 120 орындық жабық манеж, 100 жылқыға арналған атқоралар және жаттығу алаңдары қарастырылған. Жоба ат спортын дамытуға, сондай-ақ көрермендерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жаңа ипподромды 2026 жылдың қаңтар айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Нысан басында мердігер мекеме өкілдерімен кездескен шаһар басшысы құрылыс сапасы мен мерзімнің қатаң сақталуын, сондай-ақ кешеннің заманауи талаптарға сай әрі көпфункционалды түрде салынуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, қыркүйек айында пайдалануға берілетін «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің құрылыс алаңына барып, жүргізіліп жатқан сыртқы әрлеу жұмыстарымен танысты. Жалпы аумағы 2,3 гектарды құрайтын нысанның құрылыс жұмыстары 1,5 гектар аумақта жүргізілуде. Туристік және мәдени бағыттағы кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. Мұнда 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Сондай-ақ, өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы брендтік каталог әзірленіп, ұлттық кәдесыйлар нарыққа шығарылатын болады.
Әзімбек Пазылбекұлы жауапты сала мамандарына құрылыс сапасын арттыруды, белгіленген мерзімді қатаң сақтауды және кешеннің мазмұндық тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Комментарии
Другие материалы