Жүгіру жарысында 70 жастағы спортшы қаза тапты

2742
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/t7bjeWfqpyCwd7EWrfmBSaV1YsIqTqX3dRHV4Me7.webp

Алматы маңында өткен Solomon Trail 2025 әуесқой жүгіру жарысы кезінде 70 жастағы спортшы Владимир Кривенцов қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жарысты ұйымдастырушылардың мәліметінше, Кривенцов – КСРО спорт шебері, теңіздік көпсайыс пен шаңғы жарысынан тәжірибелі спортшы болған.

Сондай-ақ ол Қазақстан чемпионы, полиатлон, президенттік және қысқы көпсайыс түрлері бойынша бірнеше мәрте жүлдегер атанған.

Қайғылы оқиға 19 қазанда жарыс басталғаннан кейін көп ұзамай болған. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД экипажы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, спортшыны «Медеу» кешенінің құтқару бөлімшесіне жеткізгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Кривенцов жарыс алдында медициналық тексеруден өткен. Тексеріс нәтижесінде спортпен айналысуға қарсы көрсетілім болмаған.

Комментарии