82 жастағы астаналық қария 10 шақырымды жүгіріп өтті

1497
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/m83SI6QZSa8Gc3GzmeQF1Zj4NHMYBmfLxAeqGysg.jpg

Астана қаласында өткен марафонда 82 жастағы Амангелді Досжанов 10 шақырым қашықтықты небәрі 1 сағат 23 минутта жүгіріп өтіп, спорт сүйер қауымды тәнті етті. Бұл туралы Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы өздерінің ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

«Егер ниет болса, ешқашан кеш емес. Жаппай жүгіру жарысына қатысқан ерекше қатысушы – 82 жастағы Амангелді Досжанов 10 шақырымды 1 сағат 23 минутта жүгіріп өтті», — делінген басқарма хабарламасында.

Амангелді Досжанов жүгірумен 79 жасында айналыса бастаған. Қазіргі таңда ол аптасына үш рет 5–10 шақырым аралығында жаттығу жасайды. Негізгі жаттығу орны — Халық музыканттары аллеясы мен «Жерұйық» саябағы.

Оқиға астаналықтар арасында үлкен қолдау тауып, көпшілікке денсаулық пен белсенді өмір салтының маңызын еске салды.

Комментарии