Тоқаев Чехия президентін құттықтады

692
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/npF8xbYInKbroAl8fRIyXNiQLvPLDhosND8eQ98B.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы бүгін, 28 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президент құттықтауында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталып, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал чех халқына құт-береке тіледі.

Комментарии