8 жастағы шахматшы халықаралық байқауда үздік өнер көрсетті

1083
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/K4t0f5oH8cAX4xDMCl5sXGbQAdJ1o83EUERUde1i.webp

Маңғыстау облысының жас шахматшысы Ақниет Құмысбай шахматтан үздік өнер көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Zakon.kz мәліметінше, Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда 25 қазан мен 1 қараша аралығында өткен XIX Халықаралық Азия чемпионаты өткен.

Қазақстандық жас шахматшы «9 жасқа дейінгі қыздар» санатында блиц түрі бойынша жүлделі екінші орынды иеленді. Ол ойындағы жоғары стратегиялық дайындық пен сенімділігін көрсетіп, қарсыластарынан озық нәтиже көрсетті.

«Ақниетті, оның бапкері Ануар Шайхымовты және ата-анасын үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ, шахматты дамытуға үлес қосып, қолдау көрсеткен Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс айтамыз», – деп мәлімдеді Қазақстан шахмат федерациясының өңірлік филиалы.

Комментарии