Жаңа жылдан бастап Өзбекстан АҚШ-тың барлық азаматтарына 30 күнге визасыз кіру тәртібін енгізеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.
Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиёевтің тиісті жарлығында көрсетілген.
Агенттіктің мәліметінше, құжатқа мемлекет басшысы 3 қараша күні қол қойған. Жаңа ереженің мақсаты – Өзбекстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту, сондай-ақ туризм саласын өркендету болып табылады.
Қазіргі уақытта америкалық азаматтарға Өзбекстанға визасыз кіруге тек 55 жастан асқан және туризм мақсатында келген жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Бұл талап 2021 жылдан бері күшінде.
Енді 2026 жылдан бастап жаңа тәртіп АҚШ-тың барлық азаматтарына жасына және сапар мақсатына қарамастан қолданылады.
Айта кетейік, визасыз режим енгізу туралы бастама президент Мирзиёевтің биыл мамыр айында туристік ағымды арттыру жөніндегі жарлығында да қарастырылған еді.
Кто виноват в том, что Папа Римский говорил казахам не о святой Мариям-Ана, а нес чушь о шельпеках и домбре?
«Токаев задал новый экологический тренд, сместив акцент с краткосрочных мероприятий на структурированные проекты» – эколог
