Мемлекет басшысы ақын Күләш Ахметованың отбасына көңіл айтты

811
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/m9PCXFybXsMJGbSmohGRilsqs332kk1yJVE7bkvW.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Күләш Ахметованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.

Жеделхатта Күләш Ахметова бар ғибратты ғұмырын сөз өнеріне арнап, ұлттық әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге мол үлес қосқаны айтылды.

Оның нәзік қаламынан туған сыршыл өлеңдері, елдікті дәріптеген жалынды жырлары оқырмандар тарапынан жоғары бағаланды.

«Өнегелі өмір сүріп, соңына әдеби бай мұра қалдырған Күләш Ахметованың есімі мен жарқын бейнесі ұмытылмайды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 14 қараша күні қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Күләш Ахметова өмірден озды.

Комментарии