Қазақстандық теңге биржадағы сауда сәтінен бері шамамен 112 рет құнсызданған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КазТАГ-қа сілтеп.
Қазақстан қор биржасының (KASE) жұма күні кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 522,77 теңге болды. Ал теңге-доллар бағамы алғаш рет биржада анықталған 1993 жылғы алғашқы саудада 4,68 теңге деңгейінде тіркелген еді.
Осылайша, теңге 32 жыл ішінде АҚШ долларына шаққанда шамамен 112 рет арзандағаны байқалады.
Еске салайық, Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енгізілді. Бұл күн қазір елімізде Ұлттық валюта күні және Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі.
Новости по теме