Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жүлдесін олжалады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Мәлімет бойынша, бұл жолы медальді ерлер құрамасы еншіледі. Отандастарымыз 25 метрге тапаншамен атудан командалық жарыста үшінші орын алды.
«Жүлдегерлер қатарында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков бар», - деп жазылған хабарламада.
Бірінші орынды Оңтүстік Корея иеленсе, Қытай екінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында 50 метрге мылтықпен үш қалыптан атудан командалық жарыста Александра Ле, Арина Малиновская және Елизавета Безрукова үшінші орын алған.
Новости по теме