Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов желідегі парақшасында UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы Ислам Махачевке арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Исламды жоғары деңгейде өнер көрсетуімен құттықтаймын. Бірақ 170 фунт (77 кг) салмақтағы нағыз қарсылас — әлі де менмін»,-деп жазды қазақстандық файтер.
Айта кетейік, бүгін Ислам Махачев UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанған еді. Ол австралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді. Осылайша Махачев UFC тарихындағы Ресейден шыққан алғашқы қос чемпион атанды.
Новости по теме