Маңғыстау полициясы басшылығына қатысты тараған айыптаулар фейк деп танылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы мен орынбасарлары «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген мазмұндағы ұжымдық арыз тараған.
Онда басшылыққа бюджет қаржысын жымқыру, тендерлерді «өз адамдарымен» жеңіп беру және жалған құжаттарға қол қойдыру сияқты ауыр айыптар тағылған. Арыз авторлары аталған деректер бойынша кешенді тексеру жүргізуді талап еткен.
Алайда Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, тараған хабарламаны фейк деп атады.
«Тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл – фейк. Жалған мәлімет тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сай қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», – делінген ведомство таратқан ресми хабарламада.
Центризбирком установил итоги выборов депутатов Сената Парламента Республики Казахстан от областей Абай, Жетісу и Ұлытау, состоявшихся 24 августа 2022 года
