Қазақстан кинотеатрларында режиссер Жандос Айбасов түсірген «№ 37» фильмі прокатқа шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Картинаның негізі — әзербайжан драматургі Исмаил Иманың пьесасы.
Басты рөлде теракт құрбаны болған Расулдың он бес жылдан кейін отбасына қайта оралуы баяндалады.
Мұхтар Әуезов театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның танымал режиссерлерінің бірі Фархад Молдағали дайындаған қойылым халықтық хитке айналып, еліміздің барлық ірі қалаларын аралап, 100 мың көрермен жинаған. Пьесаны қазақ тіліне драматург Әлішер Рахат аударған. Сол күндері оның аударма пьесалар жинағы да жарық көрді.
Исмаил Иман Қазақстандағы премьераларға ерекше әсерленгенін жасырмады.
«Өз мәтініңнің басқа елде, алдымен сахнада, кейін кинода өмір сүргенін көру — үлкен қуаныш. Бұл — бөлек өмірге ие болған бала секілді: ол басқа тілде сөйлейді, оны жақсы көреді. Пьеса Қазақстан шынайылығына бейімделгенімен (Астары бақтарының орнына — Балқаш көлі), оның өзегі сол күйінде қалды — адам тағдыры, нәзік қарым-қатынастар. Қызығы, фильм образдар мен сюжет жағынан бастапқы мәтінге спектакльден де жақынырақ болды», — деді драматург.