Робот Гиннестің рекордтар кітабына енді

666
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8iaVbu6UH7xGTloRrnXwTt0OgTjh3cuwqjZVC2xs.webp

Қытайда Agibot компаниясы әзірлеген A2 гуманоидты роботы үздіксіз 106,286 шақырым жол жүріп, Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Chinadaily-ға сілтеп.

Робот 10 қараша түнде Сучжоу қаласынан жолға шығып, 13 қарашаның таңында Шанхайдағы Бунд жағалауына жетті. A2-нің үздіксіз қозғалуына қуат элементтерін жылдам алмастыру жүйесі мүмкіндік берген.

Agibot вице-президенті Ван Чуане роботтың көрсеткішін жоғары бағалап, оның аппараттық бөлігі мен тепе-теңдік алгоритмдерінің жетілгенін атап өтті.

«Сучжоу мен Шанхай арасын жаяу жүріп өту көптеген адамдар үшін қиын. Роботтың мұны еңсеруі оның төзімділігін дәлелдейді және кең көлемдегі коммерциялық қолдануға негіз болады», - деді ол.

A2 роботы бағдаршамдар, тар өткелдер, көпшілік жүретін тротуарлар сияқты күрделі жағдайларда да сенімді навигация көрсете алған. Робот асфальт, плиталы жолдар, көпірлер, пандустар арқылы жүріп, жол қозғалысы ережелерін сақтаған.

Комментарии