Жамбыл облысында полицейлер қалың тұманда адасқан қойшыны іздеп тапты. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде екі күн бұрын қойшы 700 бас қоймен бірге құмды аумақта ығып кеткен.
Хабарлама түскен сәтте жедел түрде оқиға орнына шыққан полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізген. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде қойшы да, оның малы да табылған.
«Түнде тоңып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әлсіреп қалдым. Мені тапқан полиция қызметкерлері жағдайымды көріп, бірден жылы орынға апарып, айран мен нан берді. Алғысым шексіз»,- дейді шопан.
Новости по теме
Будущее горного туризма: Фестиваль Евразийского Альянса горных курортов открывает новые горизонты в Шахдаге