Солтүстік Кореяда орыс тілі міндеттелді

595
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Mfe1GelMSRGOzq3ypWnYEWRuon2S52QgQND2CBxe.jpg

Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілін оқу 4-сыныптан бастап міндетті етілді. Бұл туралы Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

«КХДР-да орыс тілі 4-сыныптан бастап міндетті тіл ретінде енгізілгенін білеміз. Ресейде де корей тілін үйреніп жатқан оқушылар саны артып келеді», - деді Козлов.

Министрдің айтуынша, өткен оқу жылында КХДР-дың 96 азаматы Ресейдің жоғары оқу орындарына түскен. Олардың басым бөлігі Қиыр Шығыс федералдық университеті (ҚШФУ), МГИМО және РУДН университеттерін таңдаған.

Ал Ресейде 300 студент корей тілін оқуды бастаған. Елде корей тілінің лингвистикалық бағдарламалары үш педагогикалық университетте оқытылады.

Козловтың айтуынша, орыс тілі дәстүрлі түрде КХДР-дегі ең танымал үш шетел тілінің қатарына кіреді. Қазір Солтүстік Кореяда шамамен 600 адам орыс тілін меңгеріп жүр.

Сонымен қатар, келесі жылы КХДР-да Ким Чхоль Чжу атындағы Педагогикалық университет базасында орыс тіліндегі Ашық білім беру орталығы ашылады. Қазір орталық орналасатын ғимараттың құрылысы жүріп жатыр.

 



Комментарии