Алматыдағы тұрғын үй ауласында екі көлік өртенді

252
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wSIpFyoUBQS2ANF3gOZuLtYBxCT7XojbPtpSOKUI.jpg

1 желтоқсан күні сағат 10:49-да Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне Алмалы ауданындағы Айманов көшесі, 103-үй маңында автокөліктердің өртенгені туралы хабарлама түсті. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері жетті. ТЖД мәліметінше, алдымен BMW X5 маркалы жеңіл көлік отқа оранған, кейін жалын жанында тұрған Renault Duster көлігіне тараған.

Өрттің жалпы аумағы шамамен 3 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 11:02-де толық ауыздықтады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Комментарии