Аялдамадағы 2 автобус апаты. 1 жүргізуші қаза тапты

155
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/39jPqAmhOygVwWXQrg30BMieWCvanMwedjG4hLZ0.jpg

Астанада екі автобус соқтығысып, біреуінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды "Адырна".

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала деректерге сәйкес шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.  Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.

Комментарии