5–6 желтоқсан күндері Сауд Арабиясы Корольдігінің Джидда қаласында U17 және U15 жас санаттары бойынша триатлоннан Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 21 елден 114 спортшы қатысты, деп хабарлайды “Адырна”.
Қазақстан құрамасы атынан 7 спортшы өнер көрсетті. Олар Нұрмұхамет Алуа, Шнейдер Калерия, Аида Ким, Шевченко Арсений, Мұрат Әлхам, Шевнин Матвей және Сейтбек Ералы.
Жарыстың қорытындысы бойынша:
U15 әйелдер:
1-орын — Нурмухамет Алуа (29:19)
2-орын — Шнейдер Калерия (29:22)
Жасөспірімдер әйелдер (Youth Women):
9-орын — Аида Ким (30:52)
U15 ерлер:
9-орын — Сейтбек Ералы (28:25)
Жасөспірімдер ерлер (Youth Men):
4-орын — Шевченко Арсений (26:57)
5-орын — Мұрат Әлхам (27:02)
7-орын — Шевнин Матвей (27:09)
Қазақстандық жасөспірімдер Джиддадағы жарыста жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, сенімді өнер көрсетті.
В Акмолинскую многопрофильную областную больницу поступила первая партия маркированных лекарственных препаратов