Түркия мен АҚШ инвесторлары Қазақстандағы компанияларын жауып жатыр

92
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/X1jUJxRa4OgMGuAbHcDx2JAlXEUk9MnlQx0Ux429.jpg

Қазақстанда Түркия, АҚШ және тағы бірнеше елдердің қатысуымен жұмыс істейтін компаниялар саны қысқару үрдісін жалғастыруда. Дегенмен жалпы шетелдік капиталмен жұмыс істейтін ұйымдар саны өсіп келеді, деп хабарлайды "Адырна" порталы LS агенттігіне сілтеме жасап.

1 қарашадағы деректер бойынша, 15 ірі инвестордың тоғызы Қазақстандағы кәсіпорындарын жабуда.

Қазақстанда жалпы 45,9 мың шетелдік компания жұмыс істейді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға көп. Өсу негізінен шағын кәсіпорындардың есебінен (+4%), сонымен қатар орташа (+1,7%) және ірі компаниялардың аздап өсуі (+2,2%) арқасында қамтамасыз етілді.

Алайда елдер бойынша динамика әркелкі. Ең айқын қысқару ресейлік компанияларда байқалады . Олардың саны 1,5 мыңға азайған (-8%), дегенмен Ресей Қазақстандағы тіркелген кәсіпорындар саны бойынша әлі де алда келеді.

Сондай-ақ компаниялар саны азайды:

  •  Түркия қатысуымен — 247 (-6,8%);
  • Қырғызстан қатысуымен — 205 (-9,2%);
  • Украина қатысуымен — 96 (-9,6%);
  • Ауғанстан қатысуымен — 79 (-15%);
  • Оңтүстік Корея қатысуымен — 42 (-6,8%);
  • Беларусь қатысуымен — 38 (-4,9%);
  • АҚШ қатысуымен — 23 (-4,7%);
  • Нидерланды қатысуымен — 14 (-2,8%).

Осы уақытта Қытай мен Өзбекстан компаниялары саны өсіп келеді: қытайлық компаниялар 1,6 есе көбейген, өзбек компаниялары 1,5 есе артқан.

Салалық талдау көрсеткендей, ең көп қысқару ақпарат және байланыс саласында болды. Бұл салада 3,2 мың шетелдік компания жұмыс істейді (-5,8%). Әкімшілік және қосалқы қызметтер саласында 2,3 мың компания бар (-7,6%), ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында 3,2 мың компания (-2,2%).

Ең көп шетелдік компаниялар сауда саласында жұмыс істейді — 16,1 мың (+2,5%).

Аймақтар бойынша лидерлікті Алматы мен Астана сақтап отыр: онда сәйкесінше 21,8 мың және 9,2 мың шетелдік компания жұмыс істейді. Ал Жамбыл облысында компаниялар саны қатты қысқарған — 363 кәсіпорын (-23%). Маңғыстау облысында, керісінше, өсім жоғары: компаниялар саны екі есеге дейін артқан, 2,8 мыңға жеткен.

Комментарии