Қытайдың Чжучжоу қаласында Baidu компаниясына тиесілі автономды такси жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ferra.ru-ға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда бір әйелдің көліктің астында қалып қойғаны, ал екінші зардап шегушінің жолда жанында жатқанын көруге болады. Куәгерлер көліктің астында қысылып қалған адамға көмектесу үшін роботаксиді көтеруге тырысқан. Екі жаяу жүргінші де жедел түрде жансақтау бөліміне жеткізілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа Baidu мен JMC бірлесіп жасаған Apollo RT6 моделі қатысқан. 2025 жылдың жазында Alibaba-ға тиесілі Hello компаниясы қоғамдық жолдарда роботаксиді сынақтан өткізуге рұқсат алған еді. Осыдан кейін Чжучжоу көшелеріне 30-ға жуық пилотсыз көлік шығарылған. Қызметтің толыққанды коммерциялық іске қосылуы келесі жылы жоспарланып отыр.
Айта кетейік, оқыс оқиғадан кейін Hello компаниясы Чжучжоудағы роботакси жұмысының уақытша тоқтатылғанын және тергеуге толықтай көмектесіп жатқанын хабарлаған.
Инклюзивное образование в Акмолинской области: как создаются условия для детей с особыми потребностями