Зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
2026 жылғы төменгі жеткіліктілік шегін есептеу кезінде "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңында айқындалған 2026 жылға арналған келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:
ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
«2026 жылы төменгі жеткілікті шек мөлшері орта есеппен 10 пайызға өсті, бұл жалпы инфляцияның қазіргі және алдағы мәндеріне сәйкес келеді»,- делінген хабарламада.
Новости по теме