Әлеуетті әріптес

569
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zTlshci3w8XjuRDd4fBe9baJB5uXtUlGJcJwqyVy.jpg

Үш салада жолымыз тоғысты. Журналистикада. Ғылымда. Мемлекеттік қызметте. Бәрінде де үлгі болды. Үнемі озық тұрды. Ардақты аға. Ғибратты ғалым. Білікті басшы. Соңынан ердік. Шарапатын көрдік. Үздіксіз үйрендік. Көп оқиды. Тез сіңіреді. Сөйлесе, сөздің шешені. Толғаса, топтың көсемі. Бірде-бір деректен жаңылыспайды. Сырдария десең де, Жырдария десең де, Сүлейдария десең де жарасады.

Сырдария демекші, сонау жылдары Сыр бойында бірге жұмыс істедік. Мұхаң - басшы, біз - қосшы. Біздің ел шексіз қадірледі оны. Ұлт үшін "Қыр баласы" деген атау қандай қадірлі екенін білесіздер. Ол да дария жағасындағы жұрттың шынайы ықыласына бөленіп, "Сыр баласы" атанып қайтты.

Мына суретте - Мұхаңның қара үзіп шыққан "Қайсардың" кезекті ойынына келіп тұрған сәті. Қызылорда, қызық мол жылдар...

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт руханиятының тұғырлы тұлғасы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің туған күні. Абыройлы алпыс бесіңіз құтты болсын, Мұха!

Бауыржан Омарұлы

Комментарии