Балгерге сенген әйел 43 мың АҚШ долларын зиратқа көміп тастаған

571
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VMdRgFo7xqrqvNaGJwW4vJ9OwpMC3mELrPMgjI9I.webp

Қырғызстандық әйел «жол ашамын» деген балгердің кеңесіне сеніп, зиратқа 43 мың АҚШ долларын көміп тастаған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бірінші май аудандық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға О.Г. есімді әйел арызданған. Ол күдіктінің биылғы жылдың мамыр айынан қазан айына дейін «бизнесте жол ашып беремін» деген сылтаумен қомақты қаржысын алып кеткенін мәлімдеді.

ІІБ мәліметінше, ұсталған әйел өзін «емші» ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген. Ол түрлі салада «жол ашып беремін» деп уәде беріп, бұл үшін ақшалай сыйақы талап еткен. «Рәсімдер» кезінде ақшаны зираттарға қалдыруды сұрап, жіп, ине және басқа да түрлі заттарды пайдаланған.

Аталған дерек бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалған. 25 жастағы күдікті Бішкек қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Комментарии