"Наполеонның соңғы штаб-пәтері" тоналды

60
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oqwGFtAokoJrO8LV2444Jrwxd7mKbpkrCkVnMHee.webp

Бельгияның Женап коммунасында орналасқан "Наполеонның соңғы штаб-пәтері музейі" музейі тоналды, деп хабаралйды "Адырна" ұлттық порталы.

Музейден Наполеон Бонапартқа тиесілі гауһар тастары бар алтын сақина, сондай-ақ наполеон дәуірінің алтын және күміс тиындары ұрланған. 

RTBF телеарнасының мәліметінше, қылмысты екі адам жасауы мүмкін.

"Екі адам ғимаратқа терезені сындыру арқылы кірген. Кейін олар витриналарды бұзып, ішіндегі заттарды иемденген", – делінген хабарламада.

Ұрланған экспонаттардың тарихи құндылығы ерекше екені атап өтілді. Әсіресе Наполеонға тиесілі алтын сақина музейдің ең бірегей жәдігерлерінің бірі саналған.

Қазіргі уақытта Бельгияның құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады. Келтірілген шығын көлемі мен қылмыстың мән-жайы нақтыланып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Лувр музейінде ұрлық болған.

Комментарии