Қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады

387
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Fp4l0lLJFuIfcMIMVsLbLCFEn7yWPTiWNnLPUtip.webp

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті алғаш рет алатын болса немесе жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығын төлемейді. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның айтуынша, бастама құжаттандыру рәсімдерін жеңілдетуге және халықтың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.

«Жеке куәлік алғаш рет берілген кезде тегін болады. Сонымен қатар оның қолданылу мерзімі аяқталған соң ауыстырылған жағдайда да мемлекеттік баж алынбайды», - деді ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы. 

 

Комментарии