АҚШ президенті Мемлекет басшысына Ақ үйдің кілтін сыйлаған

224
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2OtUFcYbnwNeikWjaWVuL8z0Ckpp74y3z1Sy4FHV.webp

АҚШ президенті Қазақстан басшысына Ақ үйдің кілті мен бас киімді сыйлаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ільясов АҚШ президенті Дональд Трампқа сенім грамоталарын тапсырған. Бұл рәсімнен кейін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде олардың кездесуінің нәтижелері туралы жазба жариялады. 

Желдібайдың айтуынша, сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін Елші мен АҚШ президенті қысқаша әңгімелескен. Сол кезде Трамп қараша айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйде болған кездесуінен алған әсерімен бөлісіпті.

“Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам деп сипаттады”, – делінген жазбада.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Тоқаевқа Ақ үйдің символикалық кілтін және өзінің қолтаңбасы қойылған бейcболкасын сыйлаған.

Комментарии