«Болашақ» стипендиясының жаңа иегерлері анықталды

165
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CcYZaL0OReExZBpLtnp5zLRqJvSYiDJ5nSDCnwjn.jpg

Республикалық комиссияның шешімі бойынша 2025 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын 225 қазақстандық жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Стипендия иегерлері магистратура, докторантура, кәсіби тағылымдама санаттары бойынша бөлінді.

Магистратураға152 адам, докторантураға 16 адам, кәсіби тағылымдама бойынша 57 адам стипендияны жеңіп алды.

Стипендиаттардың 69,8%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттарда, ал 30,2%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейінде оқиды. Сонымен қатар, тағы 182 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алды.

Грант иегерлерінің толық тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтында жарияланған.

Комментарии