Головкин мен Роналду кездесті

170
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UT79mU9xyLyA9nEo7Q2DujKmH1nH3gaOfLvqVede.jpg

Қазақстандық белгілі боксшы, World Boxing ұйымының президенті және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Сауд Арабиясына сапары барысында әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесті, деп хабарлайды “Адырна”.

Кездесу Эр-Рияд қаласында өтті. Головкин мұнда ірі бокс кешін тамашалау үшін келген. Аталған кештің басты жекпе-жегінде жапониялық Наоя Иноуэ мексикалық Давид Пикассоны жеңген болатын.

Желіде жарияланған видеодан екі спорт жұлдызының жылы жүздескенін көруге болады. Әңгіме барысында Геннадий Головкин келесі жылы тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтып қалды. Бұл мәлімдеме жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Криштиану Роналду да қазақстандық боксшымен кездескеніне қуанышты екенін білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Еске салсақ, Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду бұған дейін, 2020 жылы, DAZN платформасының бір жобасына бірге қатысқан еді.

Комментарии