Екі тікұшақ соқтығысып, бір адам қаза тапты

445
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nHXKyOAwCp6pwyt1m8EqzLJ6HW6i8abpT0StDT1M.jpg

Жексенбі күні АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Хаммонтон қаласында екі тікұшақ соқтығысты. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, екінші ұшқыш ауыр жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

Хаммонтон қаласы әкімдігі өкілінің айтуынша, полицияға «екі тікұшақтың әуеде соқтығысуы» жөнінде қоңыраулар түскен. Салдарынан екі әуе кемесі де құлаған, олардың біреуі отқа оранған.

Апат кезінде бір адам оқиға орнында қаза тауып, екінші ұшқыш өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасының мәліметіне сәйкес, Хаммонтон әуежайының маңында Enstrom F-28A және Enstrom 280C үлгісіндегі тікұшақтар әуеде соқтығысқан. Әр тікұшақта бір ұшқыштан болған. Оқиға бойынша тергеуді Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі жүргізеді.

Бұған дейін Нью-Йорк қаласының көрікті жерлерін шолу экскурсиясы кезінде тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, алты адам қаза тапқан еді.

Комментарии