Қытайдың Xiamen Wanli Stone Co., Ltd компаниясы Жамбыл облысындағы Қордай молибден-уран полиметалл кен орнын барлау жобасына 1,8 миллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы қаржы сарапшысы Арман Батаев Finmentor.kz телеграм-арнасында жазып, Қытай қор биржасының сайтындағы құжатқа сілтеме жасады.
Оның айтуынша, Xiamen Wanli Stone компаниялар тобы Hainan Zhong-Kazakh Wanli Stone Mining Co. атты бірлескен кәсіпорын құрып, Қазақстандағы «Спецпоставка — Абсолют» ЖШС-ін сатып алады.
«Спецпоставка — Абсолют» ЖШС-нің Жамбыл облысында сирек кездесетін, түсті және бағалы металдарды барлауға лицензиясы бар. Мәміленің негізгі активі – Қордай молибден-уран кен орны, оны дамыту және өнеркәсіптік өндіріске енгізу жоспарланып отыр", – деп атап өтті Арман Батаев.
Айта кетейік, «Спецпоставка — Абсолют» ЖШС 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді, Алматы қаласында шағын кәсіпорын ретінде тіркелген. Құрылтайшылары – Ирина Голубь пен Антон Меркулов. Ресми анықтамада негізгі қызметі «бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу» деп көрсетілген.
Ал Xiamen Wanli Stone компаниясы 1996 жылы Қытайдың Сямынь қаласында құрылған.
Высокогорный спортивный комплекс "Медеу" будет модернизирован: Ермек Маржикпаев провел отчетную встречу в регионе