Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Президент өз мәлімдемесінде айтқан банктің нақты атауын ашпады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.
28 қаңтар күні Мемлекет басшысының қаржылық мониторинг агенттігіндегі кеңесте сөйлеген сөзінен кейін ҚНРДА-ға ресми сұрау жолдаған. Сұрауда «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақты қай банкті меңзеп отыр?» деген жалғыз сұрақ қойылған.
Алайда ҚНРДА eOtinish жүйесі арқылы жолдаған жауабында бұл сұраққа нақты жауап бермеген. Осылайша, Мемлекет басшысы атап өткен банктің қайсы екені әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.
Новости по теме
Фонд «Самрук-Қазына» проведет встречу с жителями города Уральск по вопросам реализации программы IPO