Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы көпшілік назарына ұсынылды. Бұл бастама еліміздің саяси және құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.
ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдіріп, оның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттің бірпалаталы моделіне көшу жөніндегі бастамасына негізделгенін атап өтті.
«Баршаңызға белгілі жаңа Конституциясының жобасы көпшілікке ұсынылды. Бұл – еліміздің саяси және құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам. Конституциялық реформаларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламенттің бірпалаталы моделіне көшу туралы бастамасы негіз болды. Жарты жылға жуық жүргізілген сараптамалық жұмыс және қоғамдық талқылау нәтижесінде, өзгерістердің ауқымы мен тереңдігін ескеріп, жаңа Конституция қабылдау туралы шешім енгізілді», – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министр атап өткендей, жоба Конституция деңгейінде әділеттілік, заң мен тәртіп, сондай-ақ табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттарын бекітуді көздейді.
«Жоба Конституция деңгейінде Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттарын бекітеді. Білім, ғылым, мәдениет пен инновацияға басымдық беру – адам капиталына сүйенетін заманауи мемлекеттің бағдарын айқындайды.
Министр юстиции: изменения в Конституцию повысят предсказуемость и последовательность действий государства