Бір жылда халық саны 212 мың адамға өскен

114
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KFGDiDoH7aOdQ5jv0eLf1erMne8qEAHfsvsPsgax.jpg

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады. Мәліметке сәйкес, ел халқы 20 495 975 адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 212 576 адамға артқан.

Ресми деректерге сәйкес, халық саны ең көп өңірлердің қатарында Түркістан облысы мен Алматы қаласы тұр. Түркістан облысында халық саны 2 148 658 адамға жетіп, 2 миллиондық межеден асты. Ал Алматыда 2 347 924 адам тұрады.

Сондай-ақ халқы 1 миллионнан асатын өңірлер мен қалалар қатарында Астана, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы және Қарағанды облысы бар. Атап айтқанда, Астанада 1 638 233 адам тұрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 109 530 адамға көп. Ал Алматы облысында 1 596 331 адам тіркелген. Шымкентте халық саны 1 293 648 адамға жетсе, Жамбыл облысында 1 215 373 адам, Қарағанды облысында 1 131 287 адам тұрады.

Халқы ең аз өңірлер қатарында Ұлытау облысы (218 993 адам), Солтүстік Қазақстан облысы (514 156 адам) және Абай облысы (595 676 адам) аталды.

Статистикаға сәйкес, елде урбанизация үрдісі жалғасып жатыр. Қалаларда 13 029 803 адам тұрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 256 688 адамға көп. Ал ауыл тұрғындарының саны 7 466 172 адамды құрап, 44 112 адамға азайған.

Сарапшылардың пікірінше, халық санының өсуіне табиғи өсім мен ішкі көші-қон әсер етуде.

Комментарии