«Конституциядағы даулы тармақты сәл модернизациялап жіберуге ешкім қарсы емес»

132
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mjtIbbIWDIprEeQIPKl4TwdP5KU9P5TXKK8rhcd1.jpg

Әкеміз Қайнар Олжай "Дер кезінде деу керек" деп принципшілдік пен азаматтық танытты. Кеше мен істер кезінде істеп көрдім. Оған дейін біршама е-өтініш жазылған болатын, бірақ кеше әзірге аттарын айтпай-ақ қояйын, кесірім тиіп кетер, комиссия мүшелеріне тікелей хабарласып, формулировка бойынша ұсыныс жеткізіп, олар сол ұсынысты енгізгенін хабарлады. Егер өткізе алсақ, ал ол өтетін сияқты, қорытынды постта ол қаһармандарды ашып айтамын. 

Аспандағы процестердің шет жағасын білетін адам ретінде дәл қазір 9 баптан 2 тармақты алмайтынын түсініп отырмын. Бірақ даулы тармақты сәл модернизациялап жіберуге ешкім қарсы емес. Тармақта егер бәрі соған тіреліп тұрса орыс тілі деген сөзді қалдырамыз, бірақ оған қатысты "ресми" және "тең" деген формулировкаларды "қажет болған жағдайда" және "қосымша" формулировкаларына ауыстыруды ұсындық.

Билік үшін бұл саяси көрегенділік және азаматтар ұсынысына да құлақ асуды білдіреді. Бұл алдағы бірнеше тәуекелдің алдын алады. Сосын орыс тілін қазақ тілінің мемлекеттік статусына теңестіріп, жаңылысып жүргендерге ұғым шекараларын айқындап береді. Әзірге керегі сол. Бізді құртып тұрғаны ресми мен тең деген ұғымдар еді.

Мен ұсынған, және атпал азаматтар арқылы комиссия қабылдап, енді қарастырып жатқан нұсқасы мынадай:

9-бап
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қажет болған жағдайда қазақ тіліне қосымша орыс тілі қолданылады.
3. Мемлекет біртұтас Қазақстан халқының тілдерін үйрену және дамыту үшін жағдай жасауға қолдау көрсетеді.

Енді барлығы уақыт пен комиссия мүшелерінің еншісінде. Аманат қиянат көрмей өз орнын тапса, ертең немерелерімнің көзіне адал қарай алатын боламын.

Айбар Олжаев

Комментарии