Тіпті Ким Чен Ын да бас тартты. Ресейлік Aurus бренді күйреу шегінде

143
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IyvqotYNEvXGWF1C8Ri2TfTmmJbogTVgdz1LBQAg.jpg

Ресейдің люкс санатындағы автокөлік өндірушісі Aurus Елабуга қаласындағы зауытында өндірісті уақытша тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” порталы ArbatMedia-ға сілтеп.

Ресми түсіндірмеде конвейердің тоқтауы түгендеу жұмыстарына байланысты делінгенімен, сарапшылар мұның негізгі себебі — сұраныстың азаюы екенін айтады.

Құны 50–70 миллион рубль болатын люкс санатындағы седандардың негізгі сатып алушылары мемлекеттік органдар мен мемлекет қатысатын ірі компаниялар болған. Олардың сатып алулары аяқталғаннан кейін жаңа тапсырыстар түспеген – жеке клиенттер мұндай сомаға көлік алуға дайын емес.

Халықаралық нарыққа шығу әрекеттері де нәтиже бермеді. Шетелдегі сұраныс өте төмен болды. Тіпті Aurus көлігін сыйлыққа алып, оны сынап көрген Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын да Mercedes-Maybach маркасын пайдалануды жалғастырып отыр.

Қазіргі уақытта зауыттың тапсырыстар портфелі жоқ, ал жиналған берешек көлемі 80 миллион еуродан асады.

 

Комментарии