Ресейлік ару Олимпиадада Украина құрамасының тақтайшасын көтеріп шықты

205
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DFbH7busDex34cnfYxWnSJ7JyBHrrqeykx72KVEc.jpg

Ресейлік Анастасия Кучерова 2026 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Украина құрамасының тақтайшасын көтеріп шықты. Бұл туралы Associated Press агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бойжеткен бұндай қадамға кездейсоқ бармағанын айтты.

«Бұл адамдардың қасында тұрған кезде олардың кез келген ресейлікті жек көруге толық құқығы барын түсінесің. Дегенмен, менің ойымша, оларға бәрі бірдей ойламайды деп көрсету үшін кішкене болса да қадам жасау маңызды», — деді ол.

AP агенттігінің мәліметінше, Анастасия 2018 жылдан бері Ресейге бармаған және 14 жылдан бері Миланда тұрады. Ару архитектор болып жұмыс істейді. Украина құрамасының тақтайшасын көтеру міндетін ол әдейі сұрап алған.

Ресейлік қыз Украина спортшыларының алдында тақтайша көтеру өзінің «шағын қарсылық әрекеті» болғанын, оны Ресейде қамауда болған диссидент Алексей Навальныйдың уланудан қайтыс болғанына екінші жыл толуына арнағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Олимпиаданың ашылу рәсімі 6 ақпанда өткен еді, ал 2026 жылғы ойындар 22 ақпанға дейін жалғасады.

 

 

 

Комментарии