Германияның Инцелль қаласында өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Кристина Шумекова алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Спортшы 500 метр қашықтықта 38,48 секунд нәтижемен мәреге жетіп, жеке рекордын жаңартты.
Алайда марапаттау рәсімі кезінде ұйымдастырушылар тарапы Қазақстанның ескі Әнұранын қойған.
Бұл жайтты спорт шолушысы Антон Бова мәлімдеп, оқиға сәтінен бейнежазба жариялаған.
Кристина Шумекова рәсімді тоқтатпағанымен, жағдайға таңданысын жасырмаған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қосымша ақпарат жарияланған жоқ.
Новости по теме
Депутаты демпартии «Ак жол» требуют от минздрава обязать ТОО «СК-Фармация» работать с частными аптеками и организовать доставку лекарств в регионы и малые города
