Мектепке жасалған соққыдан қаза тапқан оқушыларды жерлеу рәсімі қашан өтеді?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gsv2l4ShBCxPqxWR2S4kMaN53ZfuquJZkXoIvcq8.jpg

Иранның оңтүстігіндегі мектепке жасалған зымыран соққысы салдарынан қаза тапқан оқушылар мен қызметкерлер 3 наурыз күні жерленеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеп.

Агенттік дерегінше, Хормозган провинциясының Минаб қаласында орналасқан «Шаджаре Тайебе» мектебінің 165 оқушысы мен бірнеше бейбіт тұрғынды жерлеу рәсімі өтеді.

Еске салайық, 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға қарсы «Рык льва» және «Эпикалық ярость» атты әскери операциялардың басталғанын жариялаған болатын. Осы операциялар аясында Тегеран, Бушер қалаларына және басқа да елді мекендерге зымыран соққылары жасалған.

Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің оңтүстігіндегі оқу орнына жасалған шабуылды қатаң айыптап, оны «варварлық әрекет» деп атады.

Комментарии