Мәслихатта қоғамдық кеңесте жарық сөніп, қосылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Uu4D89II9MKkMSjGy1vIvT6o69yyhgmiKjui3zLi.jpg

11 наурыз күні Астана қаласының мәслихаты ғимаратында электр жарығы өшіп, соның салдарынан қаланың қоғамдық кеңесінің отырысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды “Адырна”.

Отырыс қалалық мәслихаттың залында өтіп жатқан. Жиын басталғаннан кейін бірнеше минут өткен соң тікелей эфирдегі трансляция күтпеген жерден үзіліп қалды.

Талқылауға қатысушылар чатта ғимаратта электр жарығы өшкенін хабарлады. Кейінірек сол жерде электр мамандары жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

Шамамен 15 минуттан кейін электр қуаты қайта беріліп, отырыстың трансляциясы жалғасты.

Отырыста қалалық саясатқа қатысты бірнеше нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқылауға ұсынылды. Атап айтқанда:

  • Астананың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысы жоспарлау ережелеріне өзгерістер енгізу;
  • автотұрақтар мен жанармай құю станциялары орналасқан жер телімдеріне арналған жер салығының жаңа базалық мөлшерлемелері;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру ережелеріне түзетулер;
  • тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне өзгерістер;
  • қаладағы тұрғын үй қорын жаңарту (реновация) бағдарламасына енгізілуі мүмкін нысандар тізімін бекіту.

Электр қуаты қайта берілгеннен кейін қоғамдық кеңестің отырысы жалғаcқан.

Комментарии