Қара теңізде қазақ мұнайын тасуға келген танкерге шабуыл жасалды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/O0w2Nz3OKncwuALX5iYLwfTKbfJ6r5ARksZtb0Iz.webp

Қара теңізде Новороссийск портына қарай бет алған грекиялық «Maran Homer» танкері белгісіз нысанның шабуылына ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Грекия БАҚ мәліметінше, оқиға Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалына кіруге рұқсат күтіп тұрған сәтте болған. Танкер Қазақстаннан экспортталатын шикі мұнайды тиеп алуы тиіс еді.

Шабуыл салдарынан зардап шеккендер жоқ. Кеменің палубасы мен кейбір жабдықтарына аздаған зақым келген.

Танкерге жүк тиелмегендіктен теңізге мұнай төгілу қаупі туындамаған.
 
Грекияның теңіз істері және аралдық саясат министрі Василис Кикилиас бұл жағдайға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады. Ол кемені Chevron компаниясы заңды түрде жалдап алғанын, Салоникиден шыққанын растады.

Министр бұл оқиғаны халықаралық кеме қатынасының қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер деп атап, мәселені Еуропалық кеңес деңгейінде көтеруге ниетті екенін жеткізді. Оның пікірінше, бұл шабуыл аймақтағы энергетикалық ресурстарды тасымалдауға қарсы жасалған арандатушылық болуы мүмкін.

Комментарии