Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Таяу Шығыс елдерінде жұмыс істеп жатқан қазақстандық дипломаттарға қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол қазіргі уақытта дипломатиялық миссия қызметкерлерін эвакуациялау жұмыстары жүргізілмейтінін жеткізді. Айтуынша, олар өз қызметтік міндеттерін орындауды жалғастырып жатыр.
«Елшіліктерде тиісті қызметкерлер ғана қалды. Ахуал күрделене түссе, оларды да шығарамыз. Қазір қызметкерлер сол елдерде жұмысын жалғастырып жатыр»,- деп түсіндірді Көшербаев.
Министр аталған өңірден консулдық қызметкерлердің отбасы мүшелері мен балалары шығарылғанын айтты.
Новости по теме
Прослеживается «школа дипломатии Токаева»: Эксперт о Съезде лидеров мировых и традиционных религий в Астане
