Сайран көліне құятын Үлкен Алматы өзенінің арнасында жаңа интерактив арт-нысан бой көтерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жобаға бюджет қаражаты жұмсалмаған. Нысан «Progression CA» ЖШС-нің қаржысына салынған.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, композиция әлемде кең резонанс тудырған итті құтқару оқиғасына негізделген. Мүсінде бір-біріне қол созып, тізбек құра біріктірілген адамдар бейнеленген. Бұл – өзара көмек пен қолдаудың символы.
Арт-нысанды ресми ашу наурыз айының соңына жоспарланған.
Новости по теме
