Фото: istockphoto.com
Алматыдағы тұңғыш Президент паркіне қарама-қарсы орналасқан көпірден ер адам құлап, қаза тапты. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарала бастады, деп хабарлайды "Адырна".
Куәгерлер әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің қиылысындағы көпірден құлаған адам туралы ақпарат таратты.
Алматы Полиция департаменті ер адамның қаза тапқанын растап, Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Осы факті бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ.
Новости по теме
