Кентау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық шарасы өткізілді.
Шаһар тұрғындарының, оның ішінде ата-аналар мен балалардың қатысуымен өткен жоба «Қалдықсыз әлем» халықаралық күніне орай қоршаған ортаны қорғау мақсатында «Бір пакет қоқыс — бір балмұздақ» деген атаумен ұйымдастырылған.
Іс-шара барысында балалар қоқыс жинауға белсенді қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Әрбір жиналған қоқыс пакеті үшін балаларға ынталандыру ретінде балмұздақ таратылды. Игі бастамаға жалпы 500-ге жуық азамат белсене қатысқан. Аталған бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға және өскелең ұрпақты тазалық пен тәртіп мәселелеріне тартуға бағытталған.
Новости по теме
