Салонда 50 адам болған. Қарағанды облысында вахталық автобус аударылып қалды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oc7r13gTx92ZKrLoBk2MCB8nVJWTOPu3i1qgsUib.jpg

Бүгін, 5 сәуірде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылып қалды. Салонда 50 адам болған, олардың 30-дан астамы зардап шекті. Бұл туралы  ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары оқиға орнына дереу жетіп, көмек көрсетуге кірісті.

«ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» әуе кемесімен үш зардап шеккен адам Қарағанды қаласының медициналық мекемелеріне жеткізілді. Сондай-ақ ТЖМ күштерімен жедел жәрдем дәрігерлері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандарының сүйемелдеуімен вахталық көлікпен 30 адам Ботақара кентінің ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деңгейде», – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ.

Ведомство мәліметінше, жағдай ТЖМ бақылауында.

Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, «Матақ» ТМСП, Апаттар медицинасы орталығы, «Қазавиақұтқару», жедел медициналық жәрдем бригадалары және полиция жұмылдырылды.

Комментарии