Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов әкімдікте болған ірі өртке байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол жағдайдың облыс әкімі Асхат Шахаровтың жеке бақылауына алынғанын, жеке штаб жұмысы жалғасып жатқанын жеткізді.
«2022 жылы өңір әкімдігінің ғимаратына ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 2024 жылы шатырды жөндедік. Қазіргі таңда комиссия құрылды. Нақты жоспарлар жасақталуда. Бүгінгі жұмыс күні таңертеңнен бастап онлайнға көшірілді. Қызмет қашықтан көрсетіліп жатыр. Аппарат тарапынан 13:30-дан бастап түстен кейінгі жұмысты қайта өз орындарында жалғастыруға рұқсат берілді»,-деді басшы.
Еске салайық, 7 сәуір кешке Ақтөбе облысы әкімдігінің 6 қабатты ғимаратын өрт шарпыған еді. Бір сағат ішінде өрт оқшауланып, кейін толығымен жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
В Кокшетау состоялся концерт «Дала сазы», посвященный 25-летию народного фольклорного ансамбля «Кербез сұлу»
Начался конкурс на заключение долгосрочных договоров с отечественными фармпроизводителями по 1659 наименованиям лекарств и медизделий
